Жезқазғанда жылу электр станциясындағы (ЖЭС) өрт салдарынан электр қуаты мен су беру апатты түрде тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ЖЭС-тегі өрт шамамен бір сағат бұрын шыққан. Төтенше жағдайға байланысты қалада электр жарығы мен ауыз су жоқ.
"Жезқазған қаласында ЖЭС-те болған төтенше жағдайға байланысты электр жарығы мен суық ауыз су беру үзілді. Өрт сөндіру қызметі өртті сөндіруге кірісті. Нысанда Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов бастаған облыс, қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ "Қазақмыс" корпорациясының өкілдері жүр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деді Жезқазған әкімдігіндегілер.