10 шіл, 2025 сағат 14:14

Жезқазғанда ойын алаңындағы сырғанақты бір үйдің үш баласы өртеп жіберді

Фото: Halyqstan

Жезқазған қаласында бір үйдің кәмелетке толмаған үш баласы ойын алаңындағы сырғанақты өртеген. Оқиға 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 03:00-де болған, деп хабарлайды Ult.kz.

Жергілікті полиция басқармасының мәліметінше, балалардың анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің:

  • 127-бабы бойынша (ата-ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарауы),

  • 442-бабы бойынша (баланың түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүруі)
    хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

«Кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігі мен тәртібін бақылауды ұмытпаңыздар. Балаларыңызға қоғамдық тәртіпті сақтау мен бөтен мүлікке зиян келтіруге болмайтынын үнемі түсіндіріп отырыңыздар», – деп ескертті ювеналды полиция инспекторы.


Оқиға бойынша қосымша тексеру жүргізілуде.