Жезқазғанда көпірден "КамАЗ" құлап, жүргізуші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" басылымына сілтеме жасап.
Көпір Жезқазған мыс қорыту зауыты бағытында орналасқан. 64 жастағы жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
"20 шілдеде сағат 14:05 шамасында "КамАЗ" жүргізушісі көлікті көпірден аударып алған. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек полицияға тіркелді, сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деді Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.