17 мам, 2017 сағат 15:54

Жезқазғанда ер адам сот ғимаратында өзін пышақтап тастады (Видео)

"Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері Жезқазған қаласының сот ғимаратында өзін пышақтап тастады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

"Ашуға мінген ер адам пышақ ұстап, сот ғимаратында осымен бірнише минут бойы тұр, оны ешкім тоқтатқысы келмейді де, жедел көмек көрсету ешкімнің ойына да кіріп-шықпайды...", - деп хабарлады әлеуметтік желіде куәгер. 

Ер адам видеода өзін-өзі тілгілеп тастайды. Алайда оның қандай талабы бар екені әзірше белгісіз.

Облыстық соттағылардың айтуынша, ер адам "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері. "Ол "Қазақмыс" корпорациясының экс-қызметкері. Оқиғаның мән-жайын қазір анықтап жатырмыз", - деді ведомстводағылар. 

"1989 жылғы ер адам Жезқазғанның орталық ауруханасында. Ол іш қуысын тілгілеп тастаған. Оған ем көрсетілді, қазір науқас дәрігерлердің қарауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Ал "Қазақмыс" корпорациясының өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр.