25 нау, 2019 сағат 16:43

Жетісулықтар астананың атын ауыстыруға қолдау білдірді

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласына Нұр-Сұлтан атауы берілуіне қолдау білдірген талдықорғандықтар мен қалаға жақын маңдағы аудандардың тұрғындары, жалпы саны 23 мыңнан астам адам бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағына жиналды.

Саябақта «Алматы облысы Елбасымен бірге» атты концерттік шара өтіп, оған Қанат, Айтүл Құдайбергеновтер, Мәдина Садуақасова, Жанар Дугалова, Төреғали Төрәлі сынды өнер майталмандары мен облыстағы өнер ұжымдары қатысты.

Аталмыш шараға аккумулятор батареяларын шығаратын «Қайнар АКБ» ЖШС, «АСПМК-519» холдингтік компаниясы мен «Шымыр» ЖШС бас демеушілік жасады.

Концерттік бағдарламаны тамашалаған қала тұрғындары Елордамыздың Елбасы есімін иеленуіне қолдау білдіріп, өз пікірін ортаға салды.