Фото: © Polisia.kz
Жетісуда жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасы.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйек таңертең Алматы - Өскемен автожолының 136-шақырымында Honda Element автокөлігінің қатысуымен болды. Көлік жолға кенеттен шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.
"Оқиға орнында шетелдік көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы қайтыс болды. Қазіргі уақытта полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр" - делінген хабарламада.