Фото: Polisia.kz
Жетісуда жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, қақ айырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан - Матай автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігінің қатысуымен адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды.
Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды, ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.
ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды" - делінген хабарламада.
Дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.