14 қаз, 2023 сағат 14:35

Жетісу облысында жол ортасында отырған адамды көлік қағып кетті

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында түн ортасында жолда отырған адамды көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік оқиға бейнетіркегішке жазылған.

"Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.

Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін болғанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды" - делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.