Фото: astanatv.kz
Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеу жарияланған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ресми мәлімет бойынша, күдікті Сарқан ауданындағы тауларда, Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде ұсталған.
"Кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.
Бұл факт бойынша тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігіне ("Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") сәйкес жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды" - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.