21 қаз, 2025 сағат 18:49

Жетісу облысында сұңқарларды заңсыз ұстаған азамат анықталды

Фото: Polisia.kz

Жетісу облысының криминалдық полициясы өз үйінде екі сұңқар ұстаған Кербұлақ ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.

"Аталған жағдай бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген құстар арнайы мамандардың қарауына беріліп, қазіргі уақытта олардың жағдайы бақылауда", - делінген хабарламада.


Полиция табиғатты қорғауға бағытталған "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – еліміздің табиғи байлықтарын сақтау және экологиялық тепе-теңдікті бұзатын әрекеттердің жолын кесу.