Фото: Көксу ауданы әкімдігі баспасөз қызметі
Жетісу облысының Көксу ауданында жалпы ауданы 22 шаршы метр қазандық жарылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 1 сәуірде таңғы сағат 8.52-де Қазақстан ауылында болған. Жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапқан.
"Қазір қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр", - дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.