07 қаз, 2022 сағат 11:33

Жетісу облысында есек жол апатына себеп болды


Жетісу облысында есек жолға шығып кетіп, жол апатына себеп болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 6 қазанда кешке "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тасжолының 275-шақырымында болған. Audi A-4 көлігі есекті қағып кеткен.

"Көлік жолға шығып кеткен есекке соқтығысқан. 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ, екі адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталған жоқ", - деді ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев.