Фото: pixabay
Жетісу облысының Жаркент қаласында ер адам 1980 жылы дүниеге келген әйелді зорлап, жауыздықпен өлтірген. Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберіпті, деп хабарлайды Astanatv.kz.
Полиция оқиғаға қатысты заңда көзделген тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
"Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды" - дейді облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.