Фото: pexels.com
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады.
Келтірілген шығын - 34 млн теңге.
Осы факт бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
"Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді", - делінген прокуратура хабарында.