Фото: gov.kz
Құтқарушылар Жетісу облысындағы су басқан ауылдардан адамдарды эвакуациялау сәтін көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ескелді ауданының су басқан елді мекендерінде 22 құтқарушыдан тұратын Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр, олар жүзу құралдарынан бөлек арнайы жабдықтар және техникамен жабдықталған.
"Қазіргі уақытта инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЖД және ЖАО күшімен Қарабұлақ ауылында (2 км) 30 тұрғынды эвакуациялау жүргізілген. Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталып жатыр.
"Құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетіп, азаматтарды су басқан аулалардан шығаруда.
Ескелді ауданының Абай ауылында 20-ға жуық аула аумағы су астында қалса, Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды. Ауылдарда ЖАО күшімен жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.
Елді мекендер тау бөктеріне жақын орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін Ескелді ауданы Ешкіөлмес және Абай ауылдарын су басқаны хабарланған болатын. Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардан тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр.