Жетісу көлік прокуратурасы темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында темір жолдардағы жазатайым оқиғалардың алдын алу саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына жергілікті атқарушы, уәкілетті және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты, оларға 2018 жылы және 2019 жылдың өткен кезеңінде қадағалаудағы аймақта ("Отар" стансасынан "Сарыөзек" стансасына дейін) теміржол көлігімен 40 оқиға болғанын, оның ішінде 22 оқиға өліммен аяқталғанын жеткізді.
Сондай-ақ, прокуратура талдауымен қадағалаудағы аймақта азаматтар мен автокөлік құралдарының (Алматы-1, Алматы-2, Боралдай, Ақсеңгір, Чемолған стансалары) өте қарқынды өтетін 5 учаске бар екендігі анықталды, онда кейбір учаскелерде ескерту белгілері, жаяу жүргіншілер, автомобиль жолдары жоқ.
Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша темір жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде проблемалық учаскелерде қоршаулар орнату, жергілікті атқарушы органдардың жаяу жүргіншілер мен автомобиль жолдарын салуға ақша қаражатын бөлу мәселелері бойынша іс-қимылдар алгоритмі әзірленді.
Полиция органдарына алдын алу жұмыстары мен алдын алу шараларын жандандыру ұсынылды, темір жолдың белгіленбеген жерлерде өтуі үшін тұлғаларды, ал жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
Жетісу көлік прокуратурасы