Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Жетісай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен бөпенің құлыптаулы қап кеткенін айтқан.
Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, балалардың ата-анасын анықтап, жауап алды.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар 10 минут бұрын диагностикалық орталыққа кезекке тұруға кеткен.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.
Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.