12 нау, 2022 сағат 14:41

Жетісай көшелерін жаңбыр суы басты


Жетісай көшелерін жаңбыр суы басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында екі-үш күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан көптеген көшені су басып жатыр. Жауын мөлшерінің шамадан тыс болуына байланысты үйлердің аулаларын су алып кеткен.

«Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссия құрып, жедел жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшелерді су басуына байланысты жедел желі іске қосылды», - дейді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламады.

Ал төтенше жағдай қызметінің мамандары мотопомпалар арқылы тәулік бойы көшеге таралған суды сору жұмыстарын атқарып жатыр.