29 там, 2022 сағат 21:06

Жетісай базарының тең жартысы қоқыстан тазартылды


Жетісайдағы өртенген базардың тең жартысы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, "Күлпаршын" орталық базарын тазалау барысында 105 жүк көлігімен қоқыс шығарылды. 
Базар аумағының 50%-дан астам бөлігі тазаланды. 
Шығарылған қоқыс көлемі 240 тоннаға жетті. 
Сондай-ақ базардың жаңа жобасы жасалуда. Мамандардың айтуынша, жаңа жоба бойынша сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, әрі өрт қауіпсіздігі сақталатындай етіп салынады.