Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыруда.
Жыл басынан бері мемлекеттік деректер базасында статусы болмаған 2,7 млн адамның бүгінде 1,385 млн-ның статусы анықталды.
Біріншіден, 548,4 мың жұмыскер еңбек келісімшарттарын жасасты, оларға сәйкес мәндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 9,3 мың үй жұмысшысы, 13 мың кәсіпкер өз қызметтерін ресми түрде тіркеді.
Екіншіден, 84 мың адам әлеуметтік төлем алушы ретінде тіркелді, 19 мың адам — атаулы әлеуметтік көмек алушы, 29 мың адам — жүктілігі бойынша есепке алынған.
Үшіншіден, үй шаруасындағы әйелдердің, студенттердің, елден кеткендердің, кәмелетке толған оқушылардың және басқа да статусы болмаған азаматтардың әлеуметтік статустары анықталды.
Формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын орындау аясында формализациялау жөніндегі республикалық және өңірлік штабтар белсенді жұмыс істеп жатыр, өңірлік жол карталары бекітілді.
Бүгінгі таңда Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасына халықтың мақсатты тобының қатарынан 92,7 мың адам тартылды. Соның ішінде 62 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан, 12 мың адам — қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілген, 8 мыңы — әлеуметтік жұмыс орындарына, 3,4 мыңы — жастар практикасына, 12,4 мыңы — қоғамдық жұмыстарға жіберілген.
Жалпы, есепті кезеңде орталық және жергілікті деңгейлерде азаматтардың статусын анықтау бойынша жаңа жүйелік шаралар қабылданды. Осылайша, мәртебесі анықталмаған азаматтарды барынша қамту мақсатында жаңа өзектілендіру арналары әзірленді. Әр өңірде жұмыс істейтін азаматтар «конвертпен» төлеуге және міндетті зейнетақы жарналарын аудармауға мәжбүрлеу фактілері туралы хабарлауға болатын жедел желілер құрылды.
Ақпараттық деректер базасында жаңа статус санаттары құрылды, мәселен: үй шаруашылығындағы әйелдер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, үш жасқа дейінгі балаға күтім жасаушылар, жүкті әйелдер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер, шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер, еңбек келісімшартынсыз үйде жұмыс істейтіндер, еңбек мигранттары.
Жергілікті атқарушы органдардың жеке қосалқы шаруашылықтарды формализациялау жөніндегі іс-шараларының егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді. Бұл статустарды мұқият анықтауға, аса тиімді және дербес тәсіл үшін үлкен санаттарды бөлуге мүмкіндік берді.
Жалпы, статустары анықталмаған азаматтардың төрт негізгі санаттары бар. Бұл — жалдамалы жұмыскерлер, дербес негізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтіндер және тіркелмеген жұмыссыздар.
Әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлар аясында әрбір санаттың қызметін заңдастыруға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, жалдамалы жұмыскерлер бойынша «Еңбек келісімшартын жасаңыз» науқанына сәйкес жұмыстар жалғасуда, оның нәтижесі бойынша 7,5 мыңнан астам жұмыс беруші 30 мыңнан астам еңбек келісімшартын жасасу арқылы өздерінің қызметкерлерімен еңбек қатынастарын заңдастырды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша нақты мақсатты көрсеткіштерді бекітумен және тұрақты мониторинг жүргізумен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әзірленіп, іске асырылуда. Аудандар бөлінісінде жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны анықталды, АӨК мемлекеттік бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша (шағын несие беру, заңдастыру, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту) фрмализациялау және жұмыспен қамту жөніндегі жүйелі шаралар әзірленді. Жұмыссыздар бойынша жергілікті атқарушы органдардың тіркеу және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету шараларының егжей-тегжейлі жоспарлары дайындалды.
Сонымен қатар, есепке алу мен формализациялау бойынша заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданып жатыр. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды формализациялау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірленіп, Үкіметтің қарауына енгізілді, оның аясында ұсынылады:
-
Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы формальді емес жұмыспен қамтылғандардың жұмысын заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.
-
«Жұмыспен қамтылған адам» және «тәуелсіз жұмыскер» бірыңғай анықтау, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халыққа жататын санаттарды айқындау.
-
Төлеушілер санаттарын әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда бірдей қолдану.
Бүгінде азаматтардың статустарын өзектілендіру үшін нақтылаудың жаңа арналары әзірленгені атап өтілді. Егер бұрын ол аулаларды аралау арқылы жүргізіліп, нәтижелері ақпараттық жүйеге қолымен енгізілсе, қазір бұл электронды үкімет порталына кіргенде, ХҚКО, «Қазақтелеком» қызметтер порталында немесе бірыңғай орталығы 1414 арқылы автоматты түрде іске асады. Азаматқа қызмет көрсетілген соң ақпарат автоматты түрде азаматтардың статустарын есепке алу бойынша ақпараттық жүйеге келіп түседі.
Бұдан өзге, статустарды өзектілендіру бойынша қосымша арналарды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда күн сайын деректерді автоматты түрде беру қарастырылған. Өзектілендіру «Күнделік» ақпараттық жүйесі, медициналық мекемелер аясында іске қосылады, аталған мекеме қызметкерлері ЖСН арқылы статустың жоқтығы туралы хабарлап, оны сол жерде өзектілендіреді немесе egov.kz электронды үкімет порталына бағыттайтын болады.
Қазір екінші деңгейлі банктермен және мобильді байланыс операторларымен олардың қызметін пайдалану кезінде азаматтың статусын өзектілендіру бойынша мәселе пысықталып жатыр. Азаматтардың статустарын автоматты түрде өзектілендіру үшін ақпараттық жүйелерді ведомствоаралық интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді, бүгінгі таңда жүйелердің басым бөлігі кіріктірілген. Жоспарға сәйкес бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Барлық қажетті дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың статустарын формализациялау бойынша өңірлердегі қазіргі жағдайлар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бірқатар облыстардың басшылары баяндады. Атырау облысы әкімінің орынбасары С. Шапкенов статусы өзектілендірілмеген 54 мың тұлғаның деректер қорында 22,4 мыңы сәйкестендірілген. Бұл жұмыстар жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов облыста жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша деректер базасында 41,4% немесе 78,2 мың адам сәйкестендірілгенін хабарлады. Жыл соңына дейін 12 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жұмысқа орналастыру жоспары 80,3% орындалған. Мәселе әкімдіктің тұрақты бақылауына алынған.
Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгіновтің айтуынша, өңірде деректер базасында 41,1% немесе 37,4 мың адам сәйкестендірілген (жыл басында статусы жоғы 90,9 мың болды). Оның ішінде 17 мыңнан астамы міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған.
Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев өз кезегінде өңірде 626 мың адам өзектілендіруге жататынын баяндады. Бүгінде оның 70% немесе 436 мыңы өзектілендірілген. Жұмыссыз азаматтарға қатысты нақты жоспар қабылданған. 65 мың нәтижесіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз азаматтарға Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қолдау көрсету көзделген. Қазір статусы өзектілендірілген 18,3 мың азаматқа еңбекке орналастыру бойынша көмек көрсетілді.
Алматы әкімі Б. Байбек жыл басынан бері қалада 101,5 мың адамның статусы өзектілендірілгенін айтты. Оның ішінде тіркелмеген 32 мың жұмыссыз статусын ресми тіркеген. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғанда саны 50 мыңға немесе 41% азайған.
Жалпы, 348 мың адамның статусы айқындалған. Жұмысты күшейту үшін, қалалық ХҚКО бұл іске тартылған, онда келушілерге қызмет көрсету кезінде олардың әрқайсысының статусы анықталады. Базарлар мен қоғамдық асханаларда адамдардың ресми жұмыс орнын айқындау бойынша рейдтер жүргізіледі. Еңбекке орналастыру бағдарламасы аясында 21 мың адам жұмыспен қамтылған.
Астана әкімі Ә. Исекешевтің айтуынша, елордада 45 мың адамның статусы айқындалған.