28 қаз, 2024 сағат 17:16

Жерлеу бизнесіндегі бәсекелестік: бір отбасын өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Фото: Orda.kz

Ритуалдық бизнестегі бәсекелестікке байланысты жасалған қатыгез қылмыс бойынша Петропавлда сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл оқиға өз қатыгездігімен ғана емес, сонымен қатар оның себебі — жерлеу қызметтері саласындағы бәсекелестік болғандықтан да қоғамды дүр сілкіндірді. Үйінде анасы, әкесі және 17 жастағы баласы өлтірілген.

Сот шешімімен айыпталушы Сергей Емельянов өмір бойына бас бостандығынан айырылса, оның сыбайласы Данил Орловқа 21 жыл сегіз ай, ал Ирина Скоробогатоваға үш жыл түрмеде отыру жазасы тағайындалды.

Шулы қылмыс былтыр 28 желтоқсанда Петропавл қаласының шеткі бөлігіндегі жеке үйлердің бірінде, атап айтқанда Жұмысшы кентінде болған. Марқұмдар — Вадим және Юлия Приходченко, ритуалдық қызметпен айналысқан ерлі-зайыптылар, ал олардың 17 жастағы ұлы Юра гимназияда оқыған.