Жеңілдетілген автонесиелеу басталғалы бері небәрі төрт күн өткен соң жаңа көліктің кілті елордада бағдарламаның бірінші қатысушысына табысталды, - деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы.
Автомобильдің бақытты иесі - инженер Бекзат Тілеген. Ол 16 мамырда, өтінімдерді қарап-қабылдауға банктердің алғашқысы болған Банк ЦентрКредит арқылы автокөлікті бастапқы жарнасыз ресімдеуге өтінім берді. 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алды.
"Бұл, шын мәнінде, күтпеген жағдай. Көптеген тілек білдірушілердің арасында өтініш бердім, сол кезде менің қызымның туған күні болды. Барлық процедураларды өтіп, үйге кеттім. Бірақ мен Шевроле менеджерлерінен кері қоңырау аламын деп ойламадым, олар сатып алу-сату шартын жасауға болады деді. Қызметкерлерге үлкен және үйлесімді жұмыс үшін алғыс айтамын. Бүгін біз кілттерді алып жатырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін салондағы алғашқы машина және де біз үшін - бұл айтулы оқиға", - деп өз әсерімен бөлісті Бекзат Тілеген.
Бүгіннен бастап басқа қазақстандықтар да осындай бақытқа ие бола алады. Өтініш берушілер бағдарлама шарттарына толық сәйкес келген жағдайда, автосалондар мен екінші деңгейдегі банктер ардақты автомобильдерді кезең-кезеңмен беруге дайын. Өнеркәсіпті дамыту қоры атап өткендей, бағдарламада қатысушы банктер бүгінгі таңда 31,7 млрд теңге сомасына 4290 өтінімді мақұлдады.