Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғалы бір апта өтті. Бүгінге дейін банктерге 14 мыңнан аса өтініш түскен, оның 4800-ден астамы мақұлданған.
Телеарнаның мәліметінше, қазақстандықтарға 35,7 миллиард теңге қарыз берілген. Қазірдің өзінде 34 көлік иесін тапқан. Жалпы, несие алушылар 5 әйгілі брендтің 32 модельді темір тұлпарын тізгіндей алады. Тиімді несиелеу аясында отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Маусымда оның саны екі есе артады. Жалпы, жаңа автонесиелеу бағдарламасы 30 жыл бойы жүзеге асады.
"Әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да ыңғайлы нәрсе болса, бәрі соны алғысы келеді. Сондықтан көпшілік 100 миллиард бөлінді, он миллионнан санасақ, он-ақ мың адам машина алады болды, қалғандары қалды деп ойлайды. Бұл арада револьверлік қағидат бар. Бұл ақша 30 жыл айналатын болады", - деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди.
Берілетін көліктер халықаралық талаптарға сай. Өйткені, шығару алдында бірнеше тексеруден өтетінін айтады, басқарушы директор.
760 рет оқылды