Әлеуметтік желілерде мақұлданған жеңілдетілген автонесие бойынша көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге енгізіліп, оларға 2 жыл бойы несие алуына тыйым салынатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпаратты Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, азаматқа жеңілдетілген несие беру мақұлданса, бірақ 1 ай ішінде қандай да бір себептермен көлік сатып ала алмаса, ол 2 жылдан кейін ғана жеңілдетілген автонесие алу үшін өтініш бере алады.