Фото:elements.envato.com
"Жасыл Даму" 6 мамырда Өнеркәсіпті дамыту қорына жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге бөліп, аударады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"6 мамырда ақша Өнеркәсіпті дамыту қорына аударылады. Бұл "Бәйтерек" қорының акционерлік қоғамы. Қор жұмыс істейтін банктермен келісімшарт жасасуы керек. Кейін олар осы банктердің есепшотына ақша аударып, банктер жұмысын бастауы керек. Қанша уақыт алады - бір күн, екі-үш күн, әр банкпен жеке жұмыс жасаймыз. Қазірдің өзінде бірнеше банкпен келісімшарт бар. Олармен келісім жасалып, қазір пысықталып жатыр", - деді Өскенбаев Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы іске қосылатыны айтылған болатын. Оған утильалымнан түскен 100 миллиард теңге бөлінеді.