Фото:elements.envato.com
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржыландыру бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Автонесиеге келетін болсақ, шынымен де өтініш көп. Біз мүмкіндігінше, қосымша қаржы бөлуге тырысамыз. ӨКМ-дегі 220 миллиард теңгенің 100 миллиардын жеңілдетілген автонесиеге, ал 30 миллионын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аудардық. Яғни, ауыл шаруашылығымен айналысатындар комбайн, тракторларды жылына алты пайыздық жарнасыз сатып ала алады", - деп түсіндірді Скляр Үкімет отырысында.
Скляр жеңілдетілген автонесиелерді ұзартуға және қосымша қаржыландыруға барынша мүмкіндік жасайтынын айтты.
"Біз кәсіпкерлер мен азаматтардың көліктерін жаңартуға, сол арқылы экологияны жақсартуға көмектесеміз. Егер мұндай мүмкіндік болса, біз оны пайдаланамыз. Жеңілдікті автонесиеге бөлінген 100 миллиард теңгені 12 мыңнан аса адам пайдаланды", - деді Роман Скляр.