Фото: avtocod.ru
"Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы" өкілдері жеңілдетілген несие аясында қандай көліктер қолжетімді болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Осы бағдарлама шарттары бойынша автоөндірушілер көлікті 60 күнтізбелік күн ішінде жеткізуі керек. Бағдарламаға қатысушы автосалонға келіп, менеджермен қажет модельді, конфигурацияны және түсін талқылайды. Көлік қолда болса, оны банк мақұлдағаннан кейін бірден сатып алады", - деді "Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының" мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Қайрат Еламанов.
Оның айтуынша, көлік алдағы екі айда жеткізілсе, автонесиеге қатысушы оны брондай алады.
"Көлік жеткізілім жоспарында болмаса, менеджер 60 күн ішінде келетін балама нұсқаны таңдауға көмектеседі.
Бүгінде бағдарлама шарттарына сәйкес келетін 15 миллион теңгеге дейінгі көліктер барлық өндірушіде бар. Мұның бәрі клиенттің қалауына байланысты", - деді Еламанов.