Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 974 автокөлік сатылды, деп хабарлайды Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі.
«Бағдарлама 16 мамырда басталғанына қарамастан, екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш келіп түскен. Оның ішінде сомасы 65,1 млрд теңге болатын 8 795 өтініш расталды» делінген хабарламада.
Қор таратқан мәліметке сай, бүгінгі таңда ҚР қалалары мен аудандарында 974 автокөлік шығарылды:
- Нұр-Сұлтан қ. – 111
- Алматы қ. – 201
- Ақмола облысы– 18
- Ақтөбе облысы– 35
- Алматы облысы – 7
- Атырау облысы – 26
- Шығыс Қазақстан облысы– 92
- Жамбыл облысы – 54
- Батыс Қазақстан облысы– 34
- Қарағанды облысы – 81
- Қостанай облысы – 65
- Қызылорда облысы – 16
- Маңғыстау облысы– 29
- Павлодар облысы – 37
- Солтүстік Қазақстан облысы– 14
- Шымкент қ.– 108
- Түркістан облысы – 46
Төлем қабілеттілігін тексерумен және автонесиелерді мақұлдаумен екінші деңгейлі банктер айналысады.
Өтініш беру және кеңес алу үшін серіктес банктерге хабарласуға болады:
• «Еуразиялық банк» АҚ,
• «Банк ЦентрКредит» АҚ,
• «Қазақстан Халық банкі» АҚ,
• «Forte Bank» АҚ.