Төтенше жағдай режимі кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары монша кешенінде демалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 18 сәуірде сағат 22:30 шамасында Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласында жүргізген рейд кезінде «Избушка» монша кешені иесі төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады. Монша кешенін тексеру кезінде ішінде төрт адам болған.
«Төтенше жағдай режимін бұзғанын «Избушка» монша кешенінің 30 жастағы иесі мен клиенттері- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деп түсіндірді ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.