12 ақп, 2018 сағат 14:19

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға қанша ақша төленді?

Қазақстанда 226 адамға жемқорлық туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 31 миллион теңге төленді, деп мәлімдеді Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов.

2016 жылмен салыстырғанда былтырғы жылы жемқорлық туралы хабарлаған адамдар саны айтарлықтай өскен.

"2017 жылғы қорытынды бойынша 226 адам жалпы сомасы 31 миллион теңгемен марапатталды. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен 12-18%-ға артық", — деді Салауат Мүксімов брифингте.

Агенттік өкілі атап өткендей, марапат сомасы қылмыстың ауырлық деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл шара сот үкімі заңды күшіне енген соң ғана орындалады.

Сонымен қатар, Мүксімов тіркелген қылмыстар санының төмендегенін айтты.

sputniknews.kz