12 қар, 2019 сағат 15:47

Желтоқсанда «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны толықтай пайдалануға беріледі

Елорда мен Павлодар аралығын жалғайтын автобан биыл желтоқсанның басында толықтай пайдалануға беріледі. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жақында ғана Павлодарға барып келдім. Осы бағытта бізде төрт учаске бар. Биыл олар толықтай ашылады. Шідерті маңындағы көпірде атқарылатын жұмыстар қалды. Бір жағында балкалар орнатылды, ал екінші жағындағы балкаларды алдағы апта қоямыз. 1 желтоқсанда қозғалысты толық ашамыз. Қазіргі кезде төрт жолақ бойынша жол бар, тек осы көпірді айналып өту жолы ғана қалып отыр», - деді Ұ. Әліпов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл сәуір айында «ҚазАвтоЖол» компаниясына «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас жолы 2019 жылы толығымен пайдалануға берілетінін мәлімдеген болатын.