25 мау, 2019 сағат 14:58

Желіде жарылыстан кейінгі Арыстың видеосы жарияланды

Әлеуметтік желілерде жарылыстан кейінгі Арыс қаласының видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде тараған видеоны Арыс қаласының тұрғындарының бірі көлікпен келе жатып түсірген болуы керек. Видеоны түсіріп келе жатқан жігіт үйлер мен ғимараттардың терезелерінің бәрі сынып кеткенін айтады. Арыстың кейбір тұрғындарының жарылыс кезінде сапырылыста тіпті көшеге көліктерін, велосипедтерін тастап кеткенін көруге болады.

«Құдай сақтасын. Мына тойхананы қара. Быт-шыты шығыпты. Қалада сау терезе жоқ», - деп көрсетеді видеоны түсірген тұрғын.


Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.  Апат салдарынан екі адам мерт болды

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.