11 қаз, 2022 сағат 09:56

Желіде ресейлік нөмірлі көліктегі жолаушылардың әрекеті түсірілген видео тарады


Атырау көшелерінде ресейлік нөмірлі көліктегі жолаушылар бейәдеп қылық көрсеткен. Олардың әрекетіне желі қолданушылары наразылық танытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Видео Instagram желісіндегі @atyrauoil.official парақшасында жарияланды. Видеодан Kia Sorento көлігінің екі жолаушысы жол ережесін бұзғаны көрінеді. Олар көлікті басқарып келе жатып, алкогольдік ішімдікке ұқсайтын сусын ішіп, көліктен денелерін шығарады. Тіпті видеода сусында екі ер адамның бір-біріне беріп жатқаны көрінеді.

Желі қолданушылары көліктің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін де байқапты. 

Полиция көлік табылып, айыппұл тұрағына қойылғанын, жүргізуші мен жолаушыларды іздестіріп жатқандарын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желіде жүріп келе жатқан Kia Sorento көлігінен шығып, алкогольдік ішімдік ішкен адамдардың видеосы тарады. Бұл дерек бойынша дереу патрульдік полиция бөлімшелері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын анықтап, іздестіріп жатыр. Ұсталғаннан кейін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", -  деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінен.