25 ақп, 2017 сағат 11:05

Желіде өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбелік террористердің жаңа видеосы пайда болды

Желіде өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбелік террористердің жаңа видеосы пайда болды. Ақпанбетов Әлібек, Қуанышбаев Бақыт, Рахметов Асхат және Таңатаров Арсен істеген істеріне өкінетінін айтып, жақындарынан кешірім сұрайды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

"Мен ең бірінші кезекте ата-ананы тыңдауға кеңес берер едім. Олар жамандық тілемейді, - дейді Рахметов Асхат. - Олар сенің адам болуыңды қалайды, алаңдайды. Ал біз көшеде жүріп тәрбие аламыз, асығыс шешім қабылдап, ақпараттың барлығын көшеден аламыз. Ата-аналарың тірі болғанда, қадірлеңдер, айтқандарын тыңдаңдар".

Сотталған жігіт осы әрекетіне өкінетінін және қазір анасына көмектесе алмай отырғанын айтып отыр. "Анам егде жастағы кісі, жасы 50-ден асты. Мен оған қамқорлық көрсетуім керек. Енді ғана үй сала бастаған едік, бірақ, әрине, оны соғып аяқтамадық. Мен оларға үйді соғуға көмектесуім керек еді. Анам мені 28 жыл бойы тәрбиеледі, өсірді, киіндірді, орта білім берді. Ол қолынан келгенінің барлығын жасады. Осының барлығын мен істеуім керек еді. Әрине, мен бұл үшін қатты ұяламын, ыңғайсызданамын. Ата-ананы бағалау керек, оларға қамқорлық көрсету керек", - дейді ол. Өз кезегінде Таңатаров Арсен Интернеттегі видеороликтерге сенбеуге кеңес берді. "Біздің Қазақстанда барлығы дұрыс (дін жайында - автор.),  - дейді Таңатаров. Менің айтқан сөздерімді біреулер естіп, түсініп отырған шығар. Мен енді жастарымыздың осылай эмоцияларға берілмеуін сұраймын. Сосын саған айтылған дүниелерді тексеріп алуға кеңес беремін. Себебі басқа біреулер біздің эмоцияға тез берілетінімізді қолдануы мүмкін. Салдарынан сен жалғыз қаласың, жақыңдарынды, туыстарыңды жоғалтасың".

Еске салайық, 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде болған теракт кезінде жеті адам қаза болған еді. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Террористер қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған еді.

Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. Ол кезде Қазақстанда алғаш рет террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.