Иллюстрация: gorvesti.ru
Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керегін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады.
"Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер", - дейді әйел.