06 мам, 2022 сағат 13:22

Желіде Маңғыстау облысындағы су тасқынының тағы бір видеосы тарады


Маңғыстау облысы Қарақия ауданында жаңбырдан кейін су тасқынының тағы бір видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода жаңбыр суы сарқырама болып ағып жатқаны көрсетілген. 

5 мамырда "Қазақавтодор" ЖШС филиалының жауапты тұлғалары Мұнайлы ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірге Қарақия ауданындағы жол учаскесіне барған.

"Бұл учаскедегі жағдай бақылауда. Жол төсемінің шайылу қаупі жоқ. Автокөлік құралдарының қозғалысы тоқтатылған жоқ", - делінген 5 мамырдағы хабарламада.