Фото: arbat.media
Желіде Германияда жүрген Бауыржан Байбектің суреті тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған фотоны Lübecker Nachrichten Online неміс басылымы жариялаған. Бұл - 14 ақпандағы сурет.
Фото: ln-online.de
Басылым мәліметіне сүйенсек, Байбек жергілікті коммерциялық емес ұйым ұйымдастырған кешке қатысқан. Атап айтқанда, танымал музыкант, пианист Эвелинда Тренкнердің құрметіне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі болған.
Еске салайық, былтыр 2 ақпанда Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеген. Ол бұл қызметті 2019 жылдың маусымынан бері атқарған.