10 мау, 2021 сағат 13:21

Жекешелендіру: жыл басынан бері 27 нысан сатылды


ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша мемлекеттік нысанның жекешелендіруге қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 673 нысанды сату көзделген», - деді Қаржы министрі бүгінгі Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 16,7 млрд теңгеге 27 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

«36 нысан сатылымға қойылды. 5 нысан таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 605 нысанды өткізу керек», - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Бұған дейін Қаржы министрі мемлекеттік аудит нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеген еді. 

«87 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 68 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 227 ұсыным берілді», - дейді Жамаубаев.