15 нау, 2022 сағат 11:55

Жекешелендіру: 224 нысан 60 млрд теңгеге сатылды


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру кешенді жоспары қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде жалпы саны 670 нысаннан сомасы 60 млрд теңгеге 224 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев бүгін Үкімет отырысында. 

Оның дерегінше, қазіргі уақытта 67 нысан сатылуға қойылған.

«48 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды. 331 нысанды сату қажет», - деді министр.