Жекешелендіру жоспары бойынша 51 млрд теңгеге 170 нысан сатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Бұл кезеңде 51 млрд теңгеге 170 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, 108 нысан сатылымға қойылды және 13 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 382 нысанды өткізу керек.