Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс істеп жүрген жастарынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алуға өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана Innovations» АҚ-ның баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова өзінің Фэйсбук парақшасында атап өткендей, таңертеңгі сағат 11.00-де 1500-ден астам адам Smart Astana www.smart.astana.kz сайтына кіріп үлгерді.
Үміткерлерге 30-дан 45 шаршы метрге дейін 848 бір бөлмелі және жалпы ауданы 46-дан 70 шаршы метрге дейін 202 екі бөлмелі пәтерлер берілетін болады. Тұрғынжай сатып алу құқығынсыз бес жылға жалға беріледі, оған айына 5-15 мың теңге + коммуналдық төлемдер төленеді.