Арыста болған төтенше жағдайдың қаупі әлі сейілмегендіктен тұрғындарға қалаға оралуға болмайтындығы ескертілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әскерилер Арыстың 16 көшесінен жарылмаған 70 снаряд тапты. Дені тұрғын үйлерге түскен. Қазір қалаға тіпті, құжат алу үшін де қайта келудің қажеті жоқ», - деп жазды Facebook-те Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.