Бірінші жартыжылдықта Ұлттық қордың кірістілік көрсеткіші 2,6 пайызға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осындай ақпарат берді.
«Биыл бірінші жартыжылдықта Ұлттық қордың активтері бюджетке 2,1 трлн теңге сомасында трансферттер бөлу есебінен 57,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Осы уақыттағы түсім 942 млрд теңге болды», - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, алғашқы 6 айдағы нарықтардың құбылмалығына қарамастан, Ұлттық қордың кірістілігі 2,5%-ға жеткен. Жыл аяғына дейін өсім 3 млрд долларға жетеді деген болжам бар.
«Алтын-валюта резервтері биылғы жылғы бірінші жартыжылдықта 35,1 млрд АҚШ долларына дейін 580 млн АҚШ долларына төмендеді. Алтын портфелі алтын бағасының 7%-тен астам төмендеуі аясында, сондай-ақ опциондық стратегияларды орындау шеңберінде алтынды сатуға байланысты 1,8 млрд АҚШ долларына қысқарды. Нәтижесінде жалпы халықаралық резервтер алтын бағасының құбылмалылығына және республикалық бюджетке трансферттерді бөлуіне байланысты 92,6 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.