Алматы облысындағы Жаркент қаласында студентке қол жұмсаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір осы оқиғаға орай, арнайы комиссия құрылды. Жағдайға не түрткі болғаны анықталады. Қазір мұғалімнің үстінен ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеруге орай мұғалім жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Ведомства өкілінің сөзінше, оқиға Жаркенттегі көпсалалы колледжде қаңтардың 10-ы күні болған. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов мүғалім биылғы оқу жылында аталған колледжге жұмысқа орналасқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, қазір мұғалімнің студентке қол жұмсап, былапыт сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.