Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың жақындарына сот процестеріне қатысуға барынша мүмкіндік берілуі керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қамауға алынғандардың бәрінің үстінен күзетпен ұстау шарасы 2 ай мерзіммен белгіленген. Негізгі айыптауларды болдырмау үшін қазір жан-жақты әрі сапалы тергеу жүргізудің маңызы өте зор. Жаппай тәртіпсіздіктер туралы сот саралаулары ашық болуы керек», - деді уәкіл «Хабар 24» телеарансында өткен брифингіде.
Сондай-ақ, ол оқиға кезінде ақаза болғандар аталмыш істер бойынша өтетін сот процестеріне кедергісіз қатыса алуы қажеттігін баса айтты.
«Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың жақындарына сот процестеріне қатысуға барынша мүмкіндік берілуі керек. Біз жабық мекемелерде әлі де мониторинг жүргізе береміз және азаматтардың өтініштерін де қадағалап отырамыз. Тіпті сот саралауларына дейін қадағалаймыз», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.