Сурет: Әлеуметтік желіден алынды
Елордада LRT бағанасына көлік соғылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 29 маусымда болған.
«Сағат 06:04 шамасында Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатқан Chevrolet Malibu маркалы автокөліктің жүргізушісі «Арыс» көпірінде рульді басқара алмай, бетон тірекке соғылды. Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақатынан қайтыс болды», - дейді Полиция департаменті өкілдері.