© Сурет: instagram/dom_perederzhka
Алматы облысындағы еріктілер тергеу жүргізіп, Талғардағы үй және көше иттері қайда жоғалып кететінін анықтады. Олар тергеу жайлы видеоны парақшасына салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еріктілердің сөзінше, Кеңдала ауылында жүздеген бауыздалған ит жатқан шұңқыр табылған.
"Иттерді басынан ұрып өлтіріп, ішек-қарнын ақтарып тастаған. Барлық жануар - үй иті, себебі мойындарында шынжыр тұр", - дейді еріктілер.