26 қаң, 2025 сағат 17:58

Жантүршігерлік қылмыс: ақтөбелік екі тұрғын танысын өлтіріп, басын тоқазытқышта сақтаған

Фото:mysty-onir.kz

Ақтөбеде жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот ісі басталды. Екі күдікті - Хромтау аудананың тұрғындары, күдіктілер бұрын сотты болғаны анықталған, - деп хабарлайды Ult.kz тілшісі Astana.tv-ге сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына жүгінсек, үш жігіт жиналып, ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, күдіктінің бірі керісіп қалған жігітті сабап, артынша пышақ салған. Кейін екі күдікті пәтерден қашып кетіпті. Ертеңіне үй иесі келіп, қылмысты жасырмақ болады. Мәйітті бөлшектеп, пакетке салып, бөліп-бөліп жасырған көрінеді. Басын тоназытқышына салып қойыпты. Ал туыстары марқұм болған жігітті таба алмай, бір ай бойы іздеген. 

"Лукин Кузьменконың өлі денесін ас бөлмеден жуынатын бөлмеге сүйреп әкеліп, бөлшектеген. Сосын дене мүшелерін пакетке салып, Хромтау ауданындағы "Гигант" карьеріне апарып тастаған. Ал өлі дененің қалған бөліктерін өз мұздатқышына салып қойған", - деді мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева.

Сотқа жәбірленуші тарап онлайн қатысты. Ал сотталушылардың әрекетінен жақындарының өзі шошып отыр. 

"2009 жылы ол менің бір саусағымды шауып тастады. Кейін дәрігерлер тігіп берді. Мені өлтіремін деп талай қорқытты", - деді сотталушының анасы Любовь Лукина.