Фото: Lada.kz
Желіде жануарларға қатыгездік көрсетілген кадрлар жарияланды. Оқиға Жаңаөзенде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұралқы жануарларды атумен айналысатын адамдар өз әрекеттерін видеоға түсірген. Олар дротикпен (қару - еск.) иттерді қалай атқанын, содан кейін өлекселерді шұңқырға қалай лақтырғандарын көрсеткен. Олардың бірі өлтірілгендердің есебін жүргізген, өлген ит саны - 18.
"Біз мұнда бәрін емдейміз, жануарларды құтқарамыз, иттерді зарарсыздандырамыз, ал олар өлтіреді. Олар тірілерді көлікке салып, күлге лақтырады. Не болып жатыр?" - дейді үй жануарларын қорғаушылар.
Желіде қазақстандықтар бұл әрекетке наразы пікірлер жазған. Олар осы іске шенеуніктердің назар аударуын сұрайды.