25 қар, 2019 сағат 14:36

Жаңөзендегі мейрамханалардың бірінде екі даяшы мерт болды

Жаңаөзен қаласында 2 жасөспірім газдан уланып, мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2005, 2006, 2003 жылы туған үш жасөспірім Жаңаөзен қаласындағы мейрамханалардың бірінде түнде даяшы болып қызмет етіп, артынан сонда қонуға қалып қойған. Таңертең мейрамхана қызметкерлері екі жасөспірімнің денесін тапқан. Тағы бір бала Жаңаөзен қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Қазір ол есін жиып, жағдайы тұрақтанды. Оған газдан улану диагнозы қойылған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірім ертең жалпы палатаға ауыстырылады.

Облыстық Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 156-бабының 4 бөлігіне сәйкес Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,-делінген хабарламада.